Проект жайлы


Жоба қазіргі Қазақстанның діндар және діни рәсімдерді орындайтын жастардың исламдық діни санасын трансформациялануы мен жаңғыруын зерттеуге бағытталған. Жастар санасы трансформациялануының өзекті тенденцияларын, кезеңдерін, нысандарын, үлгілерін, векторларын, сондай-ақ қазақстандық қоғамның тұтастығы мен бірегейлігіне сана трансформациясының тәуекелдері мен қауіптерін анықтау. Жоба діндарлық пен өзін-өзі сәйкестендірудің себеп-салдарлық байланыстарын, жастардың діни санасы мен өзін-өзі тануының өзара байланысын, цифрландырудың исламдық көзқарас пен дүниетанымға әсерін, рухани құндылықтарды, діндар жастардың постсекулярлық қоғамның әртүрлі қабаттарымен байланысын, сананы жаңғыртудың жаңа әдістерін зерттеуге бағытталған.

Жас діндар ұрпақтың мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты мәселелердің тұтас бөлімі зерттелмеу мәселесі, олардың постсекулярлық қоғамдағы қажеттіліктерінен туындаған сын-қатерлерді шешудің тиімді тетіктерінің болмауы өз алдына діни ангаждалған цифрлық ұрпаққа қатысты болжамсыздыққа және әртүрлі стереотиптердің пайда болуына әкелді. Бұл объективті және терең зерттеуді қажет етеді. Жобаның негізгі идеясы –Қазақстанның қазіргі заманғы діни практикалаушы жастарының исламдық діни санасын трансформациялауға және жаңғыртуға әсер ететін бірқатар факторларды анықтау, жаңа Қазақстанның ұлт құрылысы процесінде «Y» және «Z» ұрпақтарының дүниетанымдық, ақыл-ой, әлеуметтік және жаһандану ерекшеліктерін ескере отырып, трансформация мен жаңғырудың негізгі векторларын, модельдерін, кезеңдері мен нысандарын көрсету.

Зерттеу жұмысын іске асыру арқылы келесі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді:
• жастар діни санасының трансформациялану мәселелері мен салдары;
• исламдық сана мен патриоттық көңіл-күй мен діндар жастардың көңіл-күйінің өзара байланысы;
• діни тәжірибесі бар жастардың исламдық санасының тереңдігі;
• діндар жастар санасындағы ислам дәстүрлері мен мәдени әдет-ғұрыптардың орны;
• ислам санасының толеранттылықты немесе төзбеушілікті қалыптастыруға әсері;
• эмоционалды интеллект пен исламдық діни сананың байланысы;
• діни дүниетаным мен көзқарасты жаңғыртудың жаңа нысанын дамытудағы жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің рөлі.

Жоба 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы, «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асырылуда (грант: АР19575240, №94-КМУ4 2023 жыл «17» мамыр).

Зерттеу тобы

Есдәулет Ергелді
Жетекші ғылыми қызметкер

Алматы қаласында 1992 жылы 10 тамызда дүниеге келген.


Тәжірибесі:

2017-2018 жылдары аралығында Әл-Фараби ұлттық университеті, әл-Фараби Республикалық ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкер;

2018 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, Алматы қаласы өкілдігінің хатшысы;

2019-2022 жж. “Vision Kitap” баспасында аудармашы-редактор;

2023 жылдан бастап “Бүгінгі Қазақстандағы жастардың исламдық діни санасының трансформациясы мен модернизациясы” жобасының жетекші ғылыми қызметкері

(Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті).


Білім жолы:

2008-2009 жж. “Ніл” араб тілі орталығы

2008-2012 жж. Әл-Азхар институты (Каир қ.)

2012-2016 жж. Әл-Азхар университеті “Дін негіздері” факультетінің “ақида және философия” мамандығын тәмамдаған.

2016-2017 жж. Әл-Азхар университеті “Дін негіздері” факультетінің “ақида және философия” мамандығы бойынша магистратурасында білім алған.

2017-2019 жж. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің “Исламтану” мамандығы бойынша магистратурасында оқыған.

2019-2022 жж. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің “Исламтану” мамандығы бойынша докторантурасында оқыған.


Еңбектері:

- Әл-Фарабидің саясат жөніндегі трактаты. Қазақ университеті баспасы. 2021 ж.

- Сүннет энциклопедиясы. 8 том. “Vision Kitap” баспасы. 2019-2023 жж.

- Жаңа өмірге мотивация. Дария баспасы. I-басылым 2021 ж., II-басылым 2023 ж.

- Рамазан жаңғыру айы. Таным баспасы. 2022 ж.

Хадж. Таным баспасы. 2023 ж.


ORCID - 0000-0001-9576-7180

Профильге өту

Әділова Шынар Төребекқызы
Аға ғылыми қызметкер

1992 жылы 26 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Орта білім: «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қаласы.

Жоғары білім: Сүлеймен Демирел Университеті, 2010-2014жж. Мамандығы – Халықаралық қатынастар.

Магистратура: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, 2015-2017жж. Мамандығы – Дінтану.

Докторантура: Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті Университеті, 2020-2023жж. Мамандығы – Дінтану.

Еңбек өтілі:

2014-2017жж. – islam.kz, azan.kz сайты, аудармашы

2017-2018жж. – Райымбек батыр мешіті, ұстаз

2019-2020жж. – ЖШС “Visionkitap”, редактор

Ғылыми еңбектер тізімі

Кітаптар:

- Тайм-менеджмент (Исламда)

- Әйелдерге арналған ғылымхал (сұрақ-жауап)

- Сауабы мол құлшылық – ораза

- Ақырзаман және қияметтің белгілері

- Сүннет энциклопедиясы (со-автор)

- Әдеп әлемінде 365 күн (редактор)


ORCID - 0000-0002-9974-950X

Профильге өту
Умиралиев Еркебулан Сеитжанұлы
Ғылыми қызметкер

1991 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласында туылған.

Білімі:

Орта білім: С.Сейфуллин атындағы №74 орта мектебі. Алматы қаласы.

Жоғары білім: Әл-Әзһар университеті, 2012-2016жж. Мамандығы – Исламтану.

Магистратура: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 1-курс. Мамандығы – Дінтану.

Еңбек өтілі:

2017-2018жж. – ummet.kz, muslim.kz сайты, аудармашы.

2018-2023жж. – Түркістан Қожа Ахмет Яссауи мешітінің наиб имамы.