| Жобаның ғылыми жетекшісі: Туған жылы: 1988. Білім: - 2006-2010 ж. - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Қазақстан, Алматы), «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавр; - 2011-2013 ж. - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Қазақстан, Алматы), «Дінтану» мамандығы бойынша магистр; - 2014-2017 ж. - Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы), «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторы. Атқаратын қызметі: Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Астана). Жарияланымдар:
|
Бұл мақалада қазақстандық жастардың діни бірегейлігін қалыптастыру қарастырылады. Бүкіл әлеуметтік жүйенің өзгеруі аясында жас ұрпақтың әлеуметтенуін, халықтың діндарлығының өсуін және күнделікті өмірде діни ережелер мен канондардың басым болуын қамтамасыз ететін негізгі дәстүрлі институттардың рөлі төмендеді. Академиялық ортада діндарлық мәселелеріне, олардың әлеуметтік және саяси белсенділігіне деген қызығушылықтың төмендігі бұл әлеуметтік топтың проблемалары шамалы дегенді білдірмейді. Осыны ескере отырып, авторлар қазақстандық жастардың әлеуметтік мәртебесін зерделеуге алғашқы талпыныстардың бірін қабылдауда. Атап айтқанда, олар діннің, діни канондардың, рәсімдер мен мерекелердің өмір салтындағы, мамандық таңдаудағы және отбасылық өмірдегі рөлін талдайды. Мақалада автор ұйымдастырған социологиялық зерттеудің деректері келтірілген.
Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы діни жағдайға сараптама жасау, оның ішінде Ислам дінінің рөліне тоқтала отырып оның әлемде қалыптасқан модельдерін қарастыру. Сонымен қатар Ислам әлемінің модернизациясы мен оның бізге тән үлгісін іздестіруді де көзделген. Ислам әлемі өте үлкен географиялық аймақта орналасқан, көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерін қамтиды және әр халықтың өзіне тән тілі мен мәдениеті бар. Сондықтан Ислам әлемі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Ислам әлемінің әр түрлілігін зерттеу мақсатында авторлар америкалық исламтанушы ғалым К. Эрнесттің көзқарастарына жүгінген. Бұл модельдерді қарастыра келе, қай модель болмасын модернизациялауды қажет ететіндігіне тоқталған. Ислам әлемінің модернизациясы жөнінде ұсынылған М. Жабиридің «Араб ақылына сын» және М. Аркунның «Ислам ақылына сын» жобалары қарастырылған. Аркун Ислам әлемінде қалыптасқан модельдердің көп болғанына қарамастан олардың ортақ тұстары бар екенін, сол ортақ тұстары арқылы модернизациялауды ұсынады. М. Жабири ақыл мен сананы зерттемейінше модернизациялаудың мүмкін еместігіне тоқталады. Сонымен қатар оның эпистемологиялық үзік туралы көзқарастарын тарқата келе қазақ даласында қалыптасқан Исламды үзілген жерінен қайта жалғау мәселесіне тоқталған. Бұл үзікті жалғау жәдитшілдік пен Алаш зиялыларының көзқарастары мен ұстанымдарын қайта жаңғырту арқылы болмақ. Абай, Шəкəрімдер ұстанған мұсылмандық модельдің бүгінгі күнмен байланыстырылуы арқылы болады деген ой түйінделген.