кешенді, деректанулық, лингвистикалық, мәтінтанулық, салыстырмалы, тарихи, философиялық, мәдениеттанулық және әлеуметтанулық талдау.
кешенді, деректанулық, лингвистикалық, мәтінтанулық, салыстырмалы, тарихи, философиялық, мәдениеттанулық және әлеуметтанулық талдау.
Зерттеулерді жүргізудің негізгі тәсілдері:
Зерттеу нәтижелерінің ықпал ету дәрежесі:
зерттеу нәтижелері Қазақстандағы гуманитарлық ғылымдардың дамуына, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті, мәдениетаралық диалогты және әлеуметтік интеграцияны нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламаларында, ғылыми-көпшілік материалдарды әзірлеу үшін, сондай-ақ мәдени туризмді дамыту үшін пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеулер нәтижесінде шешілетін міндеттердің өзектілігі:
бағдарлама міндеттері Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары үшін өзекті, өйткені олар елдің мәдени мұрасын зерттеуге және насихаттауға бағытталған, бұл «Қазақстан-2050» стратегиясына, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, сондай-ақ Ұлттық құрылтай отырыстарындағы ҚР Президентінің сөйлеген сөздеріне және Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес келеді.
Бағдарлама бағытталған зерттеу мәселелері
ислам дінінің қазақ даласына таралуының, Ясауидің діни құндылықтар мен мәдени дәстүрлер туралы ілімдерінің, Ясауи ілімінің Алтын Орданың мемлекеттік құрылымындағы, Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қалалардың рухани және әлеуметтік-мәдени байланыстарындағы рөлінің, сондай-ақ жыраулар шығармашылығындағы танымдық, идеялық-көркемдік, тақырыптық, тілдік және стилистикалық үйлесімнің және Ясауи ілімінің қазақ бірегейлігіндегі көрінісінің жеткіліксіз зерттелуі.